Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Бұл – адамгершілік мәселесі»: депутат комада жатқан науқастардың мәселесін көтерді

Депутат Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде комада жатқан адамдардың мәселесін көтеріп, жазба жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Депутаттың айтуынша, комада жатқан науқастар өз еркін білдіре алмайды, өтініш жаза да, қол қоя да алмайды.

«Айлап комада жатқан адамдар бар. Олар өз еркін білдіре алмайды, өтініш жаза да, қол қоя да алмайды.

Қолданыстағы заңнамада мұндай жағдайлар үшін нақты әрі тиімді тетік болмағандықтан, мүгедектікті рәсімдеу, жәрдемақы мен ТСР алу көп жағдайда мүмкін болмай қалады.

Біз бұл жағдайды қазір өзгертудеміз. Тиісті түзету ұсындық. Енді комада жатқан адамның заңды өкілдері оның атынан өтініш беріп, мүгедектікті рәсімдей алады, ал кейін жәрдемақыларды, ТСР мен басқа да қажетті әлеуметтік көмекті ала алады. Бұл – адамгершілік мәселесі», — деп жазды депутат.

Депутаттың бұл ұсынысы желіде қолдау тапты.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button