Көшеде ер адам әйеліне қол көтерген. Оқиғаға куә болған бейтаныс келіншек араша түсіп, жанжалды тоқтатқан, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Видеода күйеуінен соққы жеген әйел «мені ұрып, айдалаға әкетіп бара жатыр» деп шағымданады.
Ал араша түскен келіншек ер адамға «әйелді ұрма, қолыңды жинап жүр» деп ескерту жасады.
Желіде тарап, қызу талқыға түскен видеоға полиция да назар аударды.
Тәртіп сақшылары тез арада аталған тұлғаларды анықтап, оқиғаны тергеу үшін полиция бөліміне жеткізді.
«Ерлі-зайыпты арасында отбасылық жанжал туындағаны анықталды. Әйел шағымданудан немесе сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты. Ер адамға қатысты «қорғау нұсқамасы» шығарылып, ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қамауға алынды», — делінген мәлімдемеде.
Қазақстандықтар араша түскен келіншектің әрекетіне сүйсініп, қолдау білдіріп жатыр.
«Әйелді әйел қорғайтын заманға келдік», «Батыр ана, батыр қыз, жарайсыз! Ана ер азаматтар не қарап тұр!», «Қазіргі Еркектерден Әйелдердің Намысы жоғары болып барады» сынды пікірлер жазылып жатыр.



