ЖаңалықтарСпорт

«Бұл қадамға баруға дайынмын»: Назым Қызайбай Олимпиададан кейін сыйға алған көлігін сатып жатыр

Үш дүркін әлем чемпионы, боксшы Назым Қызайбай өзінің мақсаты үшін көлігін сатып жатқанын жазды, деп хабарлайды qandastar.kz.

Спортшының айтуынша, 2025 жылға қойған үш мақсатының екеуін орындап, бірі ғана қалып отыр.

«2025 жылға қойған жоспарларым көп болды, шүкір, соның бәріне жеттім (почти). Бірақ мен үшін ерекше маңызды үш үлкен мақсат бар еді.

Біріншісі — үш дүркін әлем чемпионы атану.

Екіншісі — ата-анама үлкен үй сыйлау.

Үшіншісі — өзімнің бокс залымды ашу.

Осы мақсаттардың екеуі орындалды», — деп жазды спортшы.

Спортшы Әлем чемпионатында медальдардан толық комплект жиналғанын, отбасына үлкен үй алып бергенін айтты.

«Жыл аяқталуға жақын, сондықтан үшінші арманымды да биыл жүзеге асырғым келеді. Қазір шағын ғимаратты қарастырып қойдым, ұнап та тұр. Соған байланысты бір хабарландырумен бөліскім келеді. Өзімнің әдемі көлігімді сатамын. Бұл көлік маған Олимпиададан кейін сыйға берілген, бір жылдан аса уақыт міндім, жағдайы жақсы. Көлікті жақсы көремін, бірақ арман мен мақсат үшін бұл қадамға баруға дайынмын», — деп жазды ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button