Жаңалықтар

«Бұл нағыз жымқыру»: Тоқаев мемлекеттік органдарды сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық тәсілдерді ұтымды қолдана алмай жатқан мемлекеттік органдарды сынға алды, деп жазады qandastar.kz сайты sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Бас прокуратурада өткен жиында президент әр мекеме цифрлық жүйені өз бетімен дамытып жатқанын ерекше атап өтті. Оның пікірінше бұл жұмыс жүйесіз жүргізіліп жатыр. Біртұтас жүйе жоқ.

Мысалы, кейбір органдар цифрлық тәсілдерді ұтымды қолданып жұмыс істеуде. Ал кейбірі дұрыс амал-тәсіл таба алмай, қыруар қаржы жұмсап жүр. Бұл, басқа сөзбен айтқанда, нағыз жымқыру. Сондықтан қаражатты орынсыз жұмсап, жаңа дүние жасаудың қажеті жоқ, – деді Тоқаев.

Осы орайда, мемлекет басшысы үкіметке қолданыстағы барлық цифрлық шешімді саралап, тексеріп, олардың тиімділігін арттыруды тапсырды.

Күштік құрылымдарға арналған түсінікті құрылымы бар және технологиялық стандарттары біркелкі бірыңғай цифрлық экожүйе жасалуға тиіс.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button