«Тамаша» арқылы елге танылған актер Алмат Сақатов Qazaq Airan YouTube-жобасына берген сұхбатында әнші Димаш Құдайберген туралы пікірін білдірді, деп жазады qandastar.kz.
Ол Димаштың қазақ өнеріне қосқан үлесін жоғары бағалап, оны феномен тұлға ретінде атады.
«Соңғы 70 жылдағы қазақ өнерінің өкілдерін түгел жинасақ та, олардың еңбегі Димаштың жетістігіне жете қоймас. Бұл сөзім үшін ертең сынап жатуы да мүмкін. Бірақ Димаштай әлемнің түкпір-түкпірінде ән салып, қазақтың атын танытқан өнерпаз бұрын-соңды болған емес. Ол – тарих жасаған азамат. Димашқа Алла ұзақ ғұмыр берсін», – деді актер.



