Жаңалықтар

«Бұл сырқат сыр бермейді»: Ләйлә Сұлтанқызы

Фото: ашық дереккөз

Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы қазақтың қыз-келіншектеріне арналған үндеу жасады, – деп хабарлайды  qandastar.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

«Оңтүістікте 11 жастан асқан қыздар көп. Аналары, жақындаңыздар! Маңызды ақпарат. АПВ-ВПЧ (вирус папилломы человека) туралы айтамын. Қазір күніне 25-44 жас аралығындағы екі келіншек осы сырқаттан көз жұмады. Рак шейки маткиді ВПЧ-ға мазок тапсыру арқылы анықтайды. Ішіндегі 16, 18 тип өте қауіпті. Бір жаманы, 3 сатыға дейін бұл сырқат сыр бермейді екен», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Журналистің айтуынша, бұл сырқатты азайтудың жалғыз жолы – екпе (прививка) екен.

«Әлемнің 150-ге жуық елдерінде бұл баяғыда міндеттелген прививкалар қатарында. Тіпті рак шейки матки обырын толығымен жеңген елдер де бар. Статистика солай дейді. ВПЧ туралы қорқынышты ақпараттарды естіген сайын барлығын сіздермен бөліскім келеді», – деп жазды ол.

Ойын қорытындылай келе журналист Қазақстандағы қыз-келіншектерге үндеу жасады.

«Құрметті қыз-келіншектер! Біз өте сауатты болуымыз керек. Біз бала-шағамыздың денсаулығына жауаптымыз. Мұнда ауырғанша ауырмайтын жол ізде деп жатырмын», – деп қорытындылады ойын Ләйлә Сұлтанқызы.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close