Жаңалықтар

«Бұл жай ғана видеоролик емес»: Түркістан облысының әкімі 100 млн теңгенің ролигіне қатысты түсініктеме берді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров 100 миллион теңгеге бағаланған жеті минуттық тарихи видеороликке қатысты пікір білдірді, деп жазады qandastar.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістан облысының Мәдениет басқармасына бағынысты орталық Қазақстан тарихын қысқаша баяндайтын, ұзақтығы 3-тен 7 минутқа дейінгі тарихи видеороликке тапсырыс берген болатын. Алайда, қоғам назарын «100 миллион теңге» деп көрсетілген көлемді сома аудартты. Осы факт бойынша облыс әкімі бұған дейін тексеру жүргізуді тапсырған.

Бүгін, 9 желтоқсанда ОКҚ-де өткен брифингте журналистер Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтан әкімдікке мұндай қымбат ролик неліктен қажет болғанын сұрады.

Әкімнің айтуынша, «бұл – жай ғана видеоролик емес». Ролик 3D-эффектілермен жасалуы керек болған, ал салыстыру үшін ол Universal паркінде қойылған «Гарри Поттер» мен «Трансформерлер» жобаларын мысалға келтірді.

Біз басқа елдердің тәжірибесін зерттедік, салыстырдық, мамандардан сұрадық. Мұндай жұмыстардың құны 200-300 мың долларға дейін жетеді. Бұл – бірегей дүние. Шетелдегі мысалдарға келсек, АҚШ-та Universal паркі бар. Онда “Гарри Поттер”, “Трансформерлер” бойынша осындай қойылымдар жасалған. Бұл өте қымбат өнім, жай видеоролик емес. Мұны түсіну керек. Біріншіден, бұл біздің туристік әлеуетімізді арттырады, екіншіден, салынған қаражатты бір жылдың ішінде бюджетке қайтарады. Шын мәнінде бізге бұл жоба қажет. Өкінішке қарай, түсінбеушілік салдарынан ақпарат желіде тарап, қоғам резонансын тудырды», – деді Нұралхан Көшеров.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button