Жаңалықтар

«Бұл жерден жоғал»: Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды

Фото: ашық дереккөз

Естеріңізде болса, Жамбыл облысының полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің қол астындағы қызметкерлеріне ұрысып, бейәдеп сөздер айтқан видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын, деп хабарлайды qandastar.kz.

Видеода Арманбек Баймурзин жиналыс кезінде үстелді бір қойып, қызметкерлерін балағаттап, «Сендерді жек көремін. Бұл жерден жоғал» деген.

Осы видеоның таралуына байланысты Ішкі істер министрінің тапсырмасымен қызметтік тексеріс тағайындап, генерал қызметінен шеттетілген.

Кеше департамент бастығы Арманбек Баймурзин мен оның орынбасары Нұржан Рахметтулаев қызметінен босатылды.

Генерал Баймурзин 2022 жылы осы қызметке тағайындалды. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне қол жұмсаған Сүлейменовтың орнына бекітілген еді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығы қызметіне республикалық көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев болады деген сыбыс бар. Бақытжан Малыбаев Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қызылтас ауылының тумасы.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close