Жаңалықтар

Бұрын ақталған: Полицейдің ұлы есірткі сатқаны үшін сотталмақ

Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының қазіргі орынбасары Талғат Нұрғалиұлы Арыновтың ұлы химиялық есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды, деп жазады qandastar.kz.

Письма Президенту телеграм каналында жазылғандай, Н.Арыновтың кінәсі дәлелденді. Үкім заңды күшіне енді енеді.

Айта кетейік, бұған дейін сот Нұржан Арыновты ақтаған болатын.

«Нұржан Арынов 297-баптың 3-бөлігінің 1, 3, 5-тармақтарында (есірткі құралдарын тарату, беру немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмысты жасамаған, сондықтан кінәлі емес деп танылды» делінген еді Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысында.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close