Жаңалықтар
«Бұрын күзетші болған»: Мырзабосынов қалай министр болды?
Фото: ашық дереккөз
Жаңадан тағайындалған Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 40 жасында қалай ведомство басшысы болғанын айтты, – деп хабарлайды qandastar.kz.
Бұған дейін желіде министрдің бұрын күзетші болғаны туралы хабар тараған еді. Бірақ Мырзабосынов мұның қауесет екенін алға тартты.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Түйіндемемді талдасаңыздар, еңбек жолым қарапайым мектеп мұғалімінен басталды, университетте оқытушылықпен айналыстым. Жаттықтырушы, спортшы болдым. Содан кейін білім беру саласында жұмыс істей бастадым, спорт менеджменті бойынша докторлық диссертация қорғадым», – деді министр.
Еске сала кетейік, жақында Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды. Ақпан айынан бері осы қызметті атқарып келген Ермек Маржықпаев 31 тамыз күні жұмыстан босатылған еді.