Жаңалықтар

Бұрынғы вице-министрден тәркіленген 79 миллион теңгелік көлік мемлекеттік органдардың біріне тегін берілмек

Фото: Ашық дереккөз
Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-вице-министрі Тимур Тоқтабаевтан тәркіленген көлік аукционға тегін қойылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ProtengeTelegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің вице-министрден тәркілеген мүліктерінің ішінде 79 миллион теңгелік Mercedes-benz Maybach та бар.

Көлік аукционға 0 теңгеге қойылған. Алайда оны тек кей мемлекеттік органдар ғана ала алады.

«Бұл мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіптің заңдылығын сақтау, қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға беруге арналған…», – деп жазылған аукцион талабында.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close