15 қаңтарда Иран мәселесіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтеді, деп жазады qandastar.kz.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қазіргі кезде төрағалық етіп отырған Сомали миссиясының мәліметінше, отырыс 15 қаңтар күні Мәскеу уақытымен сағат 23:00-де, ал Астана уақытымен 16 қаңтар күні сағат 01:00-де басталады.
«Төрағалық Ирандағы жағдайға қатысты отырысты күн тәртібіндегі «Таяу Шығыстағы жағдай» тармағы бойынша өткізуді жоспарлап отыр», — деп келтіреді басылым Қауіпсіздік Кеңесінің қазіргі төрағасының сөзін.



