
фото: ашық дереккөз
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ресей мен Қытай ұсынған Иранға қатысты қарар жобасын қабылдамады, деп хабарлайды qandastar.kz
Құжатты тек осы екі мемлекет қолдаса, тоғыз ел қарсы дауыс берген.
Аталған құжат 2015 жылы қабылданған келісімге байланысты әзірленген болатын. Ол Иранның ядролық бағдарламасына шектеу енгізіп, халықаралық санкцияларды алып тастауды көздейді. Бұл келісімнің мерзімі биыл қазан айында аяқталуы тиіс.



