Жаңалықтар

Былтыр да Путиннің туған күнінде Ресейде болған: Тоқаев Үлкен Кремль сарайына барды

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласындағы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына барды. Бұл туралы  qandastar.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, 7 қазанда Путиннің туған күні болып, 72 жасқа толды. Тоқаев оны күні кеше туған күнімен телефон арқылы құттықтады.

“Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады”, – делінген хабарламада.

Ал өткен жылдың 7 қазанында президентіміз Ресей Федерациясына ресми сапармен барған еді.

ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысушылардың бірлескен фотосы да жарияланды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close