ЖаңалықтарСпорт

«Челсидің» экс-футболшысы Виктор Мозес «Қайсарда» қанша жалақы алады?

Бұрын Лондонның «Челси» клубында ойнаған Виктор Мозес қызылордалық «Қайсар» сапында айына шамамен 8 миллион теңге табыс табады, деп хабарлайды qandastar.kz сайты Sports24.kz поратлына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, футболшының жылдық табысы шамамен 160 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл — 80 миллион теңгеден асады.

Виктор Мозес Еуропаның бірқатар танымал клубтарында өнер көрсеткен. Ол «Челси» құрамында Англия чемпионы атанып, Еуропа лигасын екі рет жеңіп алған. Сонымен қатар, әр жылдары «Кристал Пэлас», «Уиган», «Ливерпуль», «Сток Сити», «Вест Хэм», Түркияның «Фенербахче», Италияның «Интер» және Мәскеудің «Спартак» клубтарында ойнаған.

2013 жылы Мозес Нигерия құрамасының сапында Африка ұлттары кубогының жеңімпазы атанды. Ұлттық құрама үшін 38 матч өткізіп, 12 гол соқты. Сондай-ақ ол 2014 және 2018 жылғы әлем чемпионаттарына қатысқан.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button