Comex биржасында 2026 жылдың тамыз айында жеткізілетін алтын фьючерстерінің бағасы 23 маусымнан бері алғаш рет бір трой унциясы үшін 4 150 АҚШ долларынан асты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Oxu.Az басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Сауда алаңының мәліметінше, Қазақстан уақытымен сағат 17:40-та алтынның құны 1,76%-ға өсіп, бір трой унциясы үшін 4 154,2 АҚШ долларына жеткен.
Алайда араға он минут салып, сағат 17:50-дегі жағдай бойынша өсім қарқыны бәсеңдеп, тамыз айындағы алтын фьючерстерінің бағасы 4 138,1 АҚШ долларын құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,36%-ға жоғары.
Сонымен қатар, Comex биржасында 2026 жылдың қыркүйегінде жеткізілетін күміс фьючерстерінің бағасы да өсті. Сауда барысында бір трой унциясының құны 61,72 АҚШ долларына жетіп, 2%-ға қымбаттады.



