Шоу бизнес

«Дәл осы сәтті армандағанмын»:Димаш Құдайберген «Stranger» турын аяқтады

«STRANGER» концерттік бағдарламасы Алматы қаласында бастау алып, 2022–2025 жылдар аралығында әлемнің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған жүректерді біріктірді:
Алматы – Ереван – Анталья – Куала-Лумпур – Гонконг – Будапешт – Стамбұл – Астана – Прага – Дюссельдорф – Нью-Йорк – Мехико – Барселона – Лондон – Берлин – Рига,  деп жазады qandastar.kz. 

Турдың қорытынды нүктесі Рига қаласы болды.

2025 жылғы 12 желтоқсанда Рига қаласындағы Xiaomi Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы бір мезгілде әрі үйдегідей жайлы, әрі толқынысқа толы атмосфера қалыптастырды. Ауқымды аренада өткен концерт көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлап, алдағы Рождество мен Жаңа жылдың жақындай түскенін сезіндірді.

Концерттің иесі ретінде Димаш бір уақытта концертті қазақ және ағылшын тілдеріндегі сәлемдесумен бастап, латыш тілінде былай деп тіл қатты:
«Қайырлы кеш! Бүгін осында болу мен үшін зор мәртебе! Шынайы ықыластарыңыз бен энергияларыңыз үшін рақмет! Бұл кешті ұмытылмастай етуге тырысамыз!».

Ұқсас Мақалалар

Back to top button