Шоу бизнес

«Дәл өзіңдей ханшаға тең келмейді»: актер Олжас Абай Дариға Бадықованы ерекше құттықтады

Белгілі актер Олжас Абай әріптесі Дариға Бадықованы туған күнімен шын жүректен құттықтап, өз жылы лебізін әлеуметтік желіде бөлісті, деп жазады qandastar.kz.

Актер өзінің құттықтау жазбасында Дариғаның кәсіби шеберлігін әрі адамдық қасиеттерін ерекше атап өтті.

«Айналайын, Дариға қарындасым, туған күнің құтты болсын! Өзіңді күтіп жүр, алда атқарар ісің көп. Сапалы адамдар артық сөзге бармайды, дәл өзіңдей ханшаға тең келмейді. Рухы жақын жандар ғана шын сыйлайды. Бір рет көңілін қалдырсаң, екінші рет жоламайды. Бар бол, бақытты бол. Бақытты болудың жолын өзім-ақ түсіндіріп беремін», – деп жазды актер.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button