Композитор Арман Дүйсеновтің жары далада қалудың аз-ақ алдында қалғанын айтқан болатын. Айсұлу Айданқызының жанайқайы өнер жұлдыздарын бей-жай қалдырмады, деп жазады qandastar.kz
Мәселен, Халық әртісі Мақпал Жүнісова Баян Мақсатқызын отбасыға үй алып беруге шақырып, тіпті «болмаса жартысын өзіміз жинайық» деген ұсыныс жасаған еді. Алайда бұл бастама көп әріптестері тарапынан қолдау таппады.
Ал Ғазизхан Шекербек өз Instagram парақшасында төмендегідей жазба қалдырды:
«Жақындары қолдан келгенше көмектерін көрсетіп жатыр. Дегенмен соттың шешімі оңынан шықса, Арман ағаның онсыз да әбден есеңгіреп, енді есін жиып келе жатқан жары, қызы мен ұлы далада қалмас еді деген үміт бар. “Өздерің-ақ үй алып бере салмайсыңдар ма?” дейтіндерге айтарым: ол, біріншіден, оп-оңай шешілетін мәселе емес. Екіншіден, бұл – еліміздегі әділетке сенбеу деген сөз. Ал біз әлі де әділетке сенеміз!» – деп жазды ол.



