Жаңалықтар

Даниал Ахметовтің ұлының зауытына жұмсалған млрдтар бюджетке қайтарылды

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Даниал Ахметовтің ұлына тиесілі сода зауытына тартылған инженерлік желілерге жұмсалған қаражаттың бір бөлігін республикалық бюджетке қайтаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Hronika.kz агенттігінің дерегінше, алғашқы коммуникациялардың, яғни су құбыры, кәріз жүйесі және жылу желілерінің зауытқа тартылғаны 2020 жылдың мамырында анықталған. Сол кезде өткізілген қоғамдық тыңдаулар, кәсіпорынның қоршаған ортаға әсерін бағалау (ПДОВ) бірнеше рет сәтсіз өткен, себебі экологтар мен химиктер Сольве әдісін қолданудың экологиялық қаупін айтып, Ертіс өзенінің қатты төмендеуі мүмкін екенін ескерткен. Дәл сол уақытта әлемде суды аз қолданатын экологиялық баламалы технологиялар бар болғанымен, Сольве әдісі айтарлықтай арзан болған.

“2020 жылдың басында облысқа жаңа басшы Әбілқайыр Скаков келгенде журналистер зауыттың салынатынын сұрады. Әкім бұл жоспар жүзеге аспайтынын мәлімдеді, алайда сол уақытта ауыл шаруашылығы жерлеріне коммуникациялар тартылған. Су құбыры, кәріз және жылу желілері үшін 1,5 млрд теңге жұмсалған. Кейін Талғат Ахметовке арналған ЛЭП құрылысы да жүргізілген. Алайда “Павлодар-Сода” ЖШС арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болмаған. Ал тыңдаулар онлайн режимде өткізілгенімен, әкімшілік ресурсқа сүйенгені байқалды”, — дейді агенттік.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button