Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Дания премьер-министрі АҚШ-тың Гренландияға қоқан-лоққысын тоқтатуға шақырды

Данияның премьер-министрі АҚШ-тың президенті Дональд Трампты Гренландияны басып алу жөніндегі мәлімдемелерін тоқтатуға үндеді. Ол Дания да, Гренландия да НАТО-ның қорғауында екенін еске салды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Власть Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұған дейін Дональд Трамптың көмекшілерінің бірі Стивен Миллердің жұбайы Twitter (X) әлеуметтік желісінде Гренландияның АҚШ туының түстерімен бейнеленген картасын жариялап, «жақында» деген жазба қалдырған.

Осыдан бірнеше сағат өткен соң Трамп ұшақ бортында журналистерге берген сұхбатында АҚШ-қа Гренландия «ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қажет» екенін айтып, Дания бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды деп мәлімдеді.

Айта кетейік, өткен жылдың қаңтар айында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, Гренландияның 57 мың тұрғынының басым бөлігі Даниядан тәуелсіз болуды қалайды. Алайда олар АҚШ құрамына қосылуға қарсы.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button