Жаңалықтар

Дәретхана салмай, 75 млн теңгені жымқырған басшылар сотталды

Фото: pixabay.com

Жетісу облысында туристерге арналған дәретханаларды салуға бөлінген 74,7 млн теңгені жауапты адамдар қалтасына басқан, деп хабарлайды qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.

Сарқан ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, іс сотқа дейін жеткен.
Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдерге сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close