Жаңалықтар

Дәретханадан табылған үш жасар Асылымның кісі қолынан қаза тапқаны анықталды

Фото: ашық дереккөз

Үш жасар Асылымның кісі қолынан қаза тапқаны белгілі болды, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Журналист Гүлмира Әбіқай парақшасында Түркістан облысы, Сіргелі ауылының тұрғыны Асылымды көрші тұратын 16 жастағы жасөспірім қыз буындырып, өлтіріп, тепкілеп дәретханаға тастағанын жазды.

“Осы ауылда шілде айында тағы бұл жайт қайталанған. 5 жасар Нұрай есімді қызды да күдікті тістеп, ұрып, дәретханаға тастамақшы болған. Абырой болғанда көршісі көріп, аман сақтап қалған. Сол сәтте ол Асылымды өлтіргенін мойындаған, күдіктінің денсаулығында ақау болуы мүмкін”, – деп жазады Г.Әбіқай.

Қазір тергеу жалғасуда, іс сот қарауында. Бірақ бұған дейін құқық қорғау органдарының қалай жұмыс жүргізгені, сот медициналық сараптаманың қалай қорытындысы шыққаны күмән тудыратынын айтады журналист.

Еске салсақ, Сіргелі ауылында үш жасар Асылымның 16 мамырда жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Ата-анасысының айтуынша, үй тірлігімен жүргенде таңғы сағат 9:00 шамасында бүлдіршін есік алдындағы қақпа алдында ойнап жүрген. Содан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.

Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Асылымның денесі көрші үйдің дәретханасынан табылғанын, кішкентай қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмағанын хабарлаған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close