Жаңалықтар
Дархан Қыдырәлі жауап берді: Перизат Қайрат министрдің кеңесшісі болған ба?

Фото: Коллаж Ulysmedia.kz
Бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін басқарған Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі қамауға алынған Перизат Қайратпен жұмыс істемегенін айтты, деп жазады qandastar.kz
«Бұйрығы болған жоқ, жұмыс істеген жоқ» деп қысқа қайырды сенатор.
Еске салайық, Дархан Қыдырәлі 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қыркүйегіне дейін тура бір жыл министр болған. Бұған дейін желіде министрдің сол кездегі кеңесшісі «Біз біргеміз» қорының қамауға алынған басшысы Перизат Қайрат болғаны айтылды.