Әлеумет және қоғам
Дәрі-дәрмек бағасы арзандамақ
Фото: ашық дереккөз
Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің баға механизмдеріне енгізілетін өзгерістерге байланысты. Нақты қандай жұмыстар екенін депутат Аймағамбетов тізбелепті, деп жазады qandastar.kz
Бағаны тіркеуде бірыңғай тәсіл енгізіледі Шекті бағаларды қалыптастыру үшін бірыңғай баға белгіленеді. Бұл негізсіз қымбаттатуға жол бермейді. Негізсіз шығындарды алып тастау Бұрын маркетинг және тасымалдау шығыны 30%-ға дейін жетіп, министрлік бұйрығымен тағы 15% қосылатын. Енді бұл шығындар алынып тасталады.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, көтерме және бөлшек саудаға қосылатын үстеме • Көтерме – 15-20%-ға. • Бөлшек – 20-30%-ға дейін төмендейді.
Референттік баға енгізіледі. Дәрі бағасы халықаралық бағамен салыстырылып отырады. Дәріханаларды бақылау үшін бірыңғай референттеу жүйесі енгізіледі. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен бірігіп, тасымал мен өзге шығындар туралы объективті деректер алынады. Нәтижесінде МӘМС және ГОБМП аясындағы шекті баға 10-12%-ға төмендейді. • Көтерме және бөлшек сауда 15-25%-ға арзандайды.