Жаңалықтар

Дариға Бадықова бұрынғы күйеуіне қатысты ресми арыз түсірді

Фото: Aigul Orynbek парақшасынан

Белгілі актриса Дариға Бадықова бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаевтың үстінен ресми түрде арыз түсірді, деп жазады qandastar.kz. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Соңғы уақытта қоғам назарында жүрген Бадықова мен бұрынғы күйеуінің арасындағы отбасылық дау енді құқықтық деңгейге көтерілді. Заңгер Айгүл Орынбек актрисаның мүддесін қорғауға кірісіп, оқиғаға байланысты ресми түсініктеме берді.

«Дариға барынша сабырлы болды. Бірақ жеке хат-хабарларды немесе аудио-видеожазбаларды жариялаймын деп қорқыту — бұл адамның ар-намысына тиетін, заңмен жазаланатын іс. Мұндай әрекет – қысым мен бопсалаудың белгісі», – деді заңгер.

Оның сөзінше, Бадықова тарапы бүгін Дархан Мұсаевтың үстінен ресми арыз берген.

«Біз заңсыздыққа көз жұма қарамау үшін осындай шешім қабылдадық. Енді істің барлығы құқықтық жолмен қаралады деп сенеміз», – деп жазды Айгүл Орынбек.

Сондай-ақ, ол Бас прокурор Берік Асыловқа үндеу жасап, Қылмыстық кодекстің 147-бабы («Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу») елде нақты қашан тиімді жұмыс істейтінін сұрады.

Заңгердің айтуынша, бұл іс әділ шешім табуы тиіс және азаматтардың жеке өміріне қол сұғуға жол берілмеуі керек.

Back to top button