Жаңалықтар

Дариға Назарбаеваға қатысы бар: ҰҚК 59 адамның жазаға тартылғанын хабарлады

Фото: ашық дереккөз

Олар Дариға Назарбаеваның бейнесін қолданып, «Жаңа Қазақстанды» бөлуге, шиеленіс туғызуға, кек алуға және ескі тәртіпті қайтаруға әрекет еткен.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи ескі Қазақстанның әлеуметтік желілер арқылы арандатушылық таратып, реванш алуға тырысып жатқанын мәлімдеген болатын. Бұл мәселеге қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) жауап берді, деп хабарлайды  qandastar.kz  Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметіне қарасақ, 2024 жылы интернетте заңсыз әрекеттерге, оның ішінде жаппай тәртіпсіздіктерге шақыратын деструктивті ақпарат таратудың нақты фактілері тіркелген.

«Жүргізілген жұмыс нәтижесінде осындай материалдарды орналастырған 330 желі пайдаланушысы анықталды. 29 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалғандарына қатысты алдын алу шаралары ұйымдастырылды», деп мәлімдеді ҰҚК.
Депутат Ермұрат Бәпи манипуляциялар арқылы «Жаңа Қазақстанды» бөлуге, шиеленіс туғызуға, кек алуға және ескі тәртіпті қайтаруға әрекеттер жасалып жатқанын атап өткен еді. Оның айтуынша, бұл үшін Дариға Назарбаеваның бейнесін де қолданып, араздық тудырып жатыр. Бұл мәлімдемеге де ҰҚК түсініктеме берді.

«Саяси сипаттағы интернет-арандатушылықтың басым бөлігі анонимді түрде әрекет ететін, шетелдік платформаларды пайдаланатын таратушылардан шығады. Бұл олардың жеке басын анықтау мен сәйкестендіруде елеулі қиындықтар туғызады», деп түсіндірді ҰҚК.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ермұрат Бәпидің айтқан тұжырымдарын назарға алғанын және депутаттан қосымша ақпарат болған жағдайда хабарлауын сұрады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close