ДенсаулықЖаңалықтар

«Дәріханада бәрі тапшы»: Желі қолданушысы вирус балаларды шырмап жатқанын айтты

Шыңғыс Ілиясов есімді оқырман Facebook парақшасында қазіргі уақытта балалар арасында таралып жатқан вирустың күші ерекше, ол балаларды тез әлсіретіп, ауыр жағдайға дейін жеткізіп жатқанын жазды, деп хабарлайды qandastar.kz.

Көптеген ата-аналар да осындай қиындықтарды бастан өткеріп отырғанын айтып, ауруханаларда орын тапшылығы бар екенін, жедел жәрдемді ұзақ күтуге тура келетінін, ал «Айкөмек» арқылы педиатрмен сөйлесу де қиын екенін жазып жатыр. Дәріханаларда Флукап сияқты вирусқа қарсы дәрілердің тапшылығы байқалады.

Шыңғыс Ілиясов өзінің екі баласы да бір уақытта ауырып қалғанын жазған.

«Баланың ауырғанын көріп, қолыңнан ештеңе келмей қалған кезде жүрегің қысылады. Бар тілейтінің – күннің тезірек суып, аурудың таралуы бәсеңдесе екен. Балаларымыз ауырмасын», – деді ол.

Дәрігерлер ата-аналарға сабыр сақтап, балалардың жағдайын мұқият бақылауды, сұйықтықты жеткілікті беруді, температура мен тыныс алуын қадағалауды және қауіпті белгілер байқалса, дереу медициналық көмекке жүгінуді ескертеді.

Қалыптасқан жағдай вирустың таралуының алдын алу үшін профилактиканың, жеке гигиенаның және үй жағдайында дұрыс күтім жасаудың маңызын көрсетіп отыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button