Жаңалықтар
Дастан Сәтбаевтың «Челси» клубындағы табысы қанша?

Фото: инстаграм
16 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев ресми түрде Лондонның «Челси» футбол командасының құрамына кірді. Ол қазақ футболы тарихындағы ең қымбат ойыншы атанды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Ақпаратқа сәйкес, мәміле құны 4,3 миллион еуро болды. Ал келісімшарт ойыншыға айына 14 мың фунт (шамамен 8,7 миллион теңге) жалақы төлеуге кепілдік берді.
Келісімшартта ойыншының жалақысы ата-анасына жіберілетіні, ал Дастанның өзі бұл қаражатқа 22 жасқа толғанда ғана қол жеткізетіні жазылған.