Жаңалықтар

Дәулет Мұқаев Үкімет отырысында ұйықтап қалды ма?

Әлеуметтік желіде 13 қазанда өткен Үкімет сағатындағы Дәулет Мұқаевтың әрекеті қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz

Видео кадрларда Мұқаевтың шаршап, ұйқысы келгені байқалды. Алайда депутат бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Дәулет Мұқаев былай деп жазды:

«Айтайын, Үкімет отырысында отыруым өте ауыр болды. Бірнеше уақыттан бері белімде протрузия (L-5, L-6) мәселесі бар еді. Белімнің сақинасы айналып кетті ме, әлде грыжаға ауысқан ба – нақты білмеймін, бірақ отыру да, жату да қатты ауыртты. Отырыс аяқталғаннан кейін ауруханаға барып, укол салдырдым. МРТ-ға орын болмағандықтан, тек келесі аптаға жазылдым. Уколдың көмегімен әрең жетіп келдім. Мені алып келген жүргізушіге үлкен алғысымды білдіремін», – деп хабарлады депутат.

 

Back to top button