Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

Нұрасыл Болат мерзімін аяқтап, колониядан босатылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазасын толық өтеп, бостандыққа шыққанын растады.

Комитет мәліметінше, сот үкімімен белгіленген мерзімнің аяқталуына байланысты ол жазадан босатылған.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты адвокаттарға күш қолдану фактісі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын.

Сот шешіміне сәйкес, ол пробациялық бақылауға жіберіліп, белгілі бір уақыт аралығында тұрғылықты мекенжайынан шықпау міндетін орындауы тиіс еді.

Алайда әлеуметтік желілерде оның түнгі уақытта тойға қатысқаны түсірілген бейнежазба тараған. Осыған байланысты пробациялық бақылау талаптарын бұзғаны анықталып, 2024 жылы сот бұрынғы жазаны қатаңдатып, оны бас бостандығынан айырумен алмастырды.

Нәтижесінде, Нұрасыл Болат жазасының қалған бөлігін — 1 жыл 5 ай 10 күнді орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button