Жаңалықтар
Демалысқа аттанған ата-ана баласын әуежайда қалдырып кеткен

Сурет: oxu.az
Ата-анасы мерзімі өткен төлқұжат үшін 10 жастағы баласын әуежайда қалдырып, демалуға кетіп қалған, деп хабарлайды qandastar.kz
Оқиға Испанияның Барселона қаласындағы Эль-Прат халықаралық әуежайында болған. Туристер отбасы тексеру кезінде балаларының төлқұжатының мерзімі өтіп кеткенін анықтаған. Ұшаққа отыруға рұқсат берілмегеніне қарамастан, ата-анасы жоспарынан бас тартпаған – олар ұлын әуежайда туыстарын күтуге қалдырып, өздері рейспен ұшып кеткен.
Кішкентай баланы әуежай қызметкерлері байқап қалып, полицияға хабарлаған. «Ол полицияға ата-анасы отанына ұшып кеткенін айтты», – деп жазды әуе диспетчері әлеуметтік желіде.
Полиция саяхатшыларды тауып, ұлымен бірге бөлімшеге жеткізген. Ерлі-зайыптының қамауға алынғаны жайлы ақпарат нақтыланбаған.