Жаңалықтар

Демеу Жадыраев Әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Спортты дамыту дирекциясы

Демеу Жадыраев серб спортшысы Алекса Иличті ұтып, Загребтегі әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды qandastar.kz

Грек-рим күресінен команда көшбасшысы 1/8 айналымда қарсыласына есе жіберіп жатқан. Алайда тәжірибесінің арқасында Иличтің қателігін пайдаланып, 4 ұпай алды. Есеп: 8-6.

turkystan.kz жазғандай, Марлан Мұқашев (-55 кг), Альмир Төлебаев (-82 кг) пен аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов 1/8 айналымда сүрінді. Марлан әлем рейтингінде 4-орында тұрған Артём Делянудан (Румыния), Альмир молдовалық Михаил Брадудан, Әлімхан украиналық Николай Кучмииден айласын асыра алмады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close