Жаңалықтар

Демеу Жадыраев – жартылай финалда! Отандасымыз атақты қырғыз балуанын жеңді

Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақ балуаны Демеу Жадыраев Париждегі Олимпиада ойындарындағы екінші белдесуінде қырғыз Ақжол Махмұдовты жарыс жолынан шығарды. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.

Грек-рим күресінен 77 килоға дейінгі салмақта өткен белдесуде Демеу қарсыласын 3:1 есебімен жеңіп шықты. Ақжол қазақ балуанына басты қарсыластың бірі болатын. Екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, Токиодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болатын.

Жартылай финалдағы белдесулер Қазақстандағы уақытпен кешкі сағат 21:15-те басталады.

Қазақ балуаны бірінші белдесуінде колумбиялық қарсыласын айқын жеңіп шыққан еді.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close