2022 жылы құрылған футбол клубы жанкүйерлерінің қатарын көбейтудің ерекше әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Футбол әкімшілігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады.
«2026 жылы Абай облысында дүниеге келген әрбір балаға Елімай қалпағы сыйға тартылады. Бұл жай ғана сыйлық емес, әрбір сәби туған сәттен бастап туған жердің командасымен бірге өсудің белгісі.
Бүгін бесікте жатқан сәби ертең стадионда Елімайды қолдайтын жанкүйерге айналады. Әрбір бала Елімай жанұясының бір мүшесі, клубтың болашағы!
Елімай рухани ұрпақтар сабақтастығы», — делінген жазбада.
Желі қолданушылары акцияға қолдау білдіріп жатыр.



