Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Денсаулығында ауытқу бар»: Ақмола облысында ер адамды ток соғып, ауыр халде ауруханаға түсті

Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылында жазатайым оқиға тіркелді.

12 ақпанда белгісіз себептермен қосалқы станция аумағына кіріп кеткен ер адамды электр тогы соққан, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге сәйкес, оның психикалық денсаулығында ауытқу бар. Салдарынан ер адам ауыр күйік алып, шұғыл түрде Астана қаласындағы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер науқастың жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.

«Электр тогы соғып, күйік алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Жағдайы өте ауыр. Хирургиялық ота жасау жоспарланып отыр», – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға салдарынан уақытша электр жарығы өшіп, тұрғындар жарықсыз қалған.

Жергілікті халықтың айтуынша, зардап шеккен азамат тиісті рұқсат құжаттары жоқ пансионатта тұрған. Осы жағдай қоғамда қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық тудырып, тұрғындар құзырлы органдардан тексеру жүргізуді талап етуде.

Оқиғаға байланысты тергеу басталып, электр қауіпсіздігі талаптарының сақталуы жан-жақты тексерілмек.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button