Әлеумет және қоғамЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Депозитке 5 пайыз салық салына ма? Министрлік жауап берді

Әлеуметтік желіде Қазақстанда банк депозиттерінен түсетін сыйақыға 5 пайыз салық енгізіледі деген ақпарат тарады. Ұлттық экономика министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарып, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақыға жеке табыс салығы салынбайтынын мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы банктік депозиттер бойынша алынатын сыйақыға 5 пайыз салық салынады деген ақпарат тарады. Ұлттық экономика министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Министрліктің мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері бойынша алатын сыйақысына жеке табыс салығы салынбайды.

Ведомство Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, банктік салымдар бойынша төленетін сыйақылар жеке табыс салығынан босатылғанын атап өтті.

Сондай-ақ Үкімет депозиттер бойынша сыйақыларға салық енгізу немесе қолданыстағы салықтық жеңілдікті алып тастау мәселесін қарастырып жатқан жоқ.

Осыған байланысты әлеуметтік желілерде тараған депозиттерге 5 пайыз салық енгізіледі деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button