Жаңалықтар

Депутат: Air Astana аспанның Құдайы болып алған

Фото: ашық дереккөз

Депутат Еділ Жаңбыршин Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты. Ол компанияның президенті Питер Фостерге «шаңыраққа қараңыз» деп шүйлікті, деп жазды qandastar.kz

Оған себеп те жоқ емес дейді халық қалаулысы. Сөзінше, әуе билетінің құны ұшу уақыты жақындағанда қымбаттайды, ал ұшақ кешіккен жағдайда өтемақыны алу тым қиын. Бұдан бөлек әуе компаниясындағы мультимедияның дені өзге тілде жазылады. Жаңбыршин мемлекеттік тілдегі контент үлесін арттыру керек деген пікірде. Көлік министрін осы екі мәселеге назар салуын өтінді. Өз кезегінде депутаттың эмоцияға беріліп айтқан мәлімдемесіне Фостер мырза жымия қарады.

«Күлетін ештеңе емес. Сіз күлмеңіз. Сіз осы жерде отырып алып, бізді менсінбей отырсыз. Біз сізге ештеңені түсінбейтін Африкадағы абориген емеспіз. Бұл – Парламент, осында халықтың өкілдері отыр», – деді Еділ Жаңбыршин.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close