Жаңалықтар

Депутат әскерде әлімжеттік жоқ екенін айтты

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстан әскеріндегі өлім-жітім мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қоғамда бұл тақырыпты әдейі ушықтырып отырғандар бар, деп жазады  qandastar.kz.

«Бұл — ұйымдасқан мәселе. Ер адамдардың арасында кикілжің болып тұратын шығар, бірақ әлімжеттік жоқ. Балаларынан айырылып, қасірет шеккен аналарды ұйымдастырып, үстеріне киім кигізіп, жазу жаздырып, қоғамда ақпараттық дабыра туғызғаннан кейін бұл мәселе президентке дейін жетті. Бірақ иә, ондай жағдайлар бар. Әскерге жіберген баласының өлігін алу немесе жарақаттанып, мүгедек болып оралу фактілері кездеседі. Алайда біз осыған көңіл айта отырып, елдің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтірмеуіміз керек», — деді депутат.

Ермұрат Бапидің пікірінше, елдің әскери әлеуетін арттыру маңызды, сондықтан азаматтар әскери борышын өтеуден қашпауға тиіс.

Back to top button