Жаңалықтар
Депутат: Әуе компанияларымен ұшқан 700 мың жолаушының дерегі таралған
Фото: ашық дереккөз
Әуе компанияларынан алынған билет пен оның иесі туралы жеке деректер таралды. Бұл ақпарат біраз болды айтылып жүргеніне. Бүгін мәжілісмен Айдос Сарым осыған алаңдаушылық білдіріп, Көлік және Цифрлық даму министрлігінен мәселеге қатысты қандай шара қолданғанын сұрады, деп жазды qandastar.kz
«Парламент, шоу бизнес және өзге танымал тұлғалардың деректері біртіндеп шыға бастады. Ашық ақпарат көздерінде Air Astana, Scat, Qazaq Air және Bek Air әуекомпаниялары арқылы 2007-2023 жылдар аралығында ұшқан 700 мың адамның жеке деректері жүр» деген дерекпен бөлісті мәжілісмен.
Ал көлік министрі Марат Қарабаевтың сөзінше, әуе билеттерін сатып алуға арналған 8 жүйе бар. Оның барлығы шетелдік компаниялар. Қазақстандық нарықта орналаспаған.
Әлем елдері сол платформаларды ғана пайдаланады. Соның біреуіне хакерлік шабуыл жасалған. Жеке деректер соның кесірінен таралған. Цифрлық дамуы министрлігі ештеңе істей алмай отқан көрінеді.