Жаңалықтар

Депутат Базарбек жұмысына кедергі келтіргендердің басы бәлеге қалатынын айтты

Депутат Бақытжан Базарбек  әлеуметтік желідегі парақшасында  қысым көрсетуге тырысқандарға қатаң ескерту жасады, деп жазады qandastar.kz.

Оның айтуынша, жер учаскелеріне қатысты тексерістерге «жоғарыдан» телефон шалып,  жеке өтініш арқылы әсер ету әрекеттері еш нәтиже бермейді және мұның салдары әлдеқайда ауыр болуы мүмкін.

«Базарбекке қысым жасаймын немесе тексерісті тежеп қаламын» деп ойлау  бос әурешілік. Менің жұмысыма араласуға тырысқан адамдар соңында жағдайын одан сайын ушықтырып алады», — деді депутат.

Бақытжан Базарбектің мәлімдеуінше, 2025 жылдың мамырынан бастап ол Бас прокуратураға бірқатар ресми өтініш жолдаған,  нәтижесінде ведомстволарымен бірлесіп 14 ірі тексеріс басталған.

«Әр жер учаскесінің артында «таныс-тамыр» тұр. Бірақ бұл ешкімді құтқармайды. Біз заңсыз иемденген жерлерді қайтарып, су қорғау аймақтарындағы, тау бөктеріндегі заңсыз құрылыстарды міндетті түрде тазартамыз», — деді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button