Білім

Депутат білім саласында өзгерістер болатынын айтты

Фото: Владимира ТРЕТЬЯКОВ

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов білім беру саласында өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz

Өткен жылы ең беделді халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздарына ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік грантпен оқуға түсуге мүмкіндік беру жөнінде арнайы заң қабылдадық. Оған қоса «Болашақ» бағдарламасы аясында бакалавриат деңгейінде шетелдің озық университеттеріне түсу құқығын бердік. Мемлекет басшысы дарынды балаларды қолдау жөнінде тиісті тапсырма берген болатын, міне сол тапсырма аясында жұмысымыз жүріп жатыр, — дейді депутат.

Енді депутаттар дайындаған заң аясында дарынды балаларға және оларды дайындаған ұстаздарға бірреттік сыйақы берілетін болды.

Бүгін ұсынылып отырған заң жобасында дарынды және оларды дайындаған ұстаздарға бірреттік сыйақы беру туралы норма енгізіліп отыр. Біздің ойымызша, бұл — өте маңызды норма. Өйткені бұл шара жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға және талантты оқушыларды ынталандыру үшін маңызды шараның бірі. Мұндай конкурстардың жеңімпаздарына арналған ең жоғары төлем мөлшері 6 миллион теңге шамасында болады. Сонымен қатар осы балаларды дайындаған педагогтарды да ынталандыру ұсынылуда, — деді Асхат Аймағамбетов.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close