Қазақстандық продюсер, тележүргізуші және актер Нұрлан Қоянбаев Алматы қаласының тазалығы жайлы айтамын деп желіде талқыға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Танымал продюсер оңтүстік астананың қазіргі әл-ауқатын жоғары бағалады.
«Биыл мереке күндері қала таза болып тұрды. Бұрын бірнеше күн бойы ластанып жататын еді», — деп атап өтті Нұрлан Қоянбаев.
Сондай-ақ әрбір жас категориясына өз деңгейіне сай ойын-сауық пен мәдениетті дамыту қажет екенін де айтты.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Бірі қолдап жатса, екіншілері сынап жатыр.
«Депутат болғысы кеп дайындалып жүр дисің», — дейді бір оқырман.



