Жаңалықтар

Депутат бұрын ойынқұмар болғанын айтты

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі бір жазбасында көптің көңілінен шыққан қарапайым, бірақ жылы естелігімен бөлісті. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы   Instagram желісіндегі Нalyquni.media парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

 «Шаштаразға барғанда әрқашан PlayStation қосулы тұрады. Кезек күтіп отырғандар көбінесе FIFA ойнап жатады. Ал біз студент кезімізде компьютер клубқа барып, Counter-Strike пен Dota ойнайтынбыз. Бала кезіміздегі дендиді айтпай-ақ қояйын. Сіз қай ойынды ойнадыңыз?», – деп жазды депутат.

Бұл шағын ғана жазба көпшілікті бір сәтке балалық пен жастық шаққа қайта алып барды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button