Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Талғат Қаржауов жол қауіпсіздігін «Сергек» камерасымен шешуге қарсы, деп жазады qandastar.kz kyn.kz-ке сілтеме жасап.
Депутат бюджетті тек айыппұл арқылы толықтыру қате ұғым екенін атап өтті.
«Халықтың қаражаты арқылы қазынаны толтырамыз деген түсініктен арылуымыз керек», — деді депутат.
Талғат Қаржауовтың айтуынша, бейнебақылау камераларын көбейтсе де жол апаттарының көрсеткіші жақсармаған.
Еске сала кетейік, Түркістан облысы жол апатынан, аса ауыр жарақаттар мен өлім көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда тұр.



