ЖаңалықтарҚаржы және төлемдерЭкономика және бизнес

Депутат елімізде автолизингтің іске қосылғанын хабарлады

Бүгін, 1 желтоқсаннан бастап, Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасы ресми түрде басталды, деп жазады qandastar.kz

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков фейсбук парақшасында жазғандай, жаңа механизм азаматтарға қолданыстағы несие шарттарын өзгертпей-ақ автокөлік алудың тиімді форматын ұсынады. Пилоттық кезең бағдарламаға деген сұранысты бағалап, ықтимал тәуекелдерді анықтауға және тиімді реттеуші модельді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Автолизингтің қаржылық шарттары да жеңілдетілді. Бастапқыда бағдарлама бойынша мөлшерлеме жоғары болып, көпшілік үшін қолжетімсіз еді. Кейін оны 36%-ға дейін төмендеткенімен, бұл әлі де ауыр жүктеме болатын. Ал қазір максималды мөлшерлеме 15%-дан аспайды, бұл шешім автолизингті шын мәнінде қолжетімді етіп, халықаралық тәжірибеге жақындатады», — дейді депутат.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button