Жаңалықтар

Депутат Ерлан Сайыров екі сөйлеп, жұрттың сынына қалды

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров аудан әкімдерін тікелей сайлау реформасын уақытша тоқтата тұруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл реформаның тиімділігі толыққанды сараланып, жан-жақты бағаланған жоқ. Депутаттың мәлімдеуінше, сайланған кейбір аудан әкімдері бір жылға жетпей қызметінен кеткен жағдайлар бар, деп жазды qandastar.kz

Алайда, бұған дейін дәл осы реформаны енгізілген кезде Ерлан Саиров оны «демократияның көрсеткіші» ретінде жоғары бағалап, қолдап шыққан болатын. Екі жыл бұрын ол ауыл және аудан әкімдерін халықтың тікелей сайлауы «еліміздегі демократия мен плюрализмнің артуының нақты белгісі» екенін айтып, бұл бастама халық мүддесіне жұмыс істейтін басқару жүйесін қалыптастырады деген еді. Бірақ соңғы мәлімдемелері депутаттың көзқарасы өзгергенін көрсетіп отыр.

Бұған дейін де Саировтың ұстанымындағы өзгерістер қоғам назарын аударған. 2023 жылы ол Тұңғыш Президенттің мәртебесін алып тастау бастамасын қолдап шыққан болатын. Ал оған дейін Назарбаевты «Тәуелсіздіктің іргетасын қалаған тұлға» деп атап, оның мақаласын «30 жылдағы басты құжаттардың бірі» деп бағалағаны белгілі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button