Жаңалықтар
Депутат Ермұрат Бәпи мен Айдос Сарымға Ресейге кіруге тыйым салынған – БАҚ

Бірнеше қазақстандық депутат пен қоғам белсендісіне Ресей Федерациясының аумағына кіруге тыйым салынды. Бұл туралы qandastar.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей де елге кіруге тыйым салынған тұлғалардың тізімі бар екен. Олардың қатарында саясаттанушы Досым Сатпаев пен Димаш Әлжанов, қоғам белсенділері Мұхтар Тайжан мен Тоғжан Қожалы, мәжілісмендер Ермұрат Бәпи мен Айдос Сарым бар. Deutsche Welle басылымына пікір білдірген Айдос Сарым 2021 жылы да Ресейге кіруге қатысты мәселе туындағанын айтты.
«Біздің делегация Брюссельге конференцияға қатысу үшін Мәскеу арқылы үшты. Рейстердің арасы 9 сағат болғандықтан, Ресейдегі Қазақстан елшілігі Мәскеудегі шараға қатысуды ұсынды. Бірақ дипломатиялық паспорттың барына қарамастан, мені қалаға кіргізбеді. Делегация өтіп, мен қалып қойдым. Төлқұжат бақылау аймағында ұзақ уақыт өткізіп, елшіні шақырдық. Тіпті ФҚБ офицері келді. Ол маған «нон грат тұлғасы» екенім жазылған қағаз ұсынды. Елге кіруге не үшін тыйым салынғанын түсіндірмеді, тек ескерту. Егер тағы да ережені бұзсам, 8 жылға дейін сотталуым мүмкін», – деді ол.