Жаңалықтар

Депутат: Құрылтайда ел дамуына бағытталған ұсыныстар қаралды

ПІКІР-ПАЙЫМ
Фото: Парламент
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады. Осыған дейін өткізілген үш алқалы жиында мемлекетіміздің дамуына әсер еткен оң ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылып жүйелі шешімдер қабылданды.
Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында қабылданған ең маңызды шешім — 25 қазан Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару болды. Республика күні жай ғана дата емес, Мемлекет басшысы атап өткендей бұл күн — бірегейлігімізді қалыптастырып, бірлігімізді нығайтатын ортақ тарихымызды, дәстүрлерімізді және мәдениетімізді еске салады. Түркістан жерінде өткен екінші жиында Президент Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады, «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс деп атап өтті.
Ал Атырауда өткен құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қазақстанның тұрақты дамуына негіз болатын: Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық секілді жалпыұлттық құндылықтарды назарға қойды. Сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысының қорытындысы бойынша 10 заң жобасына бастамашылық жасалды, оның ішінде 9 заң қабылданды. Олар әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, вейпке тыйым салу, мемлекеттік наградалар туралы, ономастика мәселелері, рәміздердің бірыңғай стандарты мәселесі, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері, вандализм және табиғи объектілерді қорғау жөніндегі түзетулер, құрметті атақтар бойынша, есірткі өндіру мен сату үшін жазаны күшейтуге бағытталған түзетулерді қамтыды, ал археология саласы бойынша заң жобасы Парламент Мәжілісінің жұмысында.
Ұлттық құрылтай — қоғам мен билік арасындағы тікелей диалог алаңы, онымен қоса маңызды мемлекеттік мәселелерді талқылауға, қоғамның әртүрлі топтарының пікірлерін ескеруге, елдің дамуына бағытталған ұсыныстарды қалыптастыруға арналған бірегей құрылым болып табылады.

Маггерам Маггерамов, 

ҚР Мәжілісінің депутаты

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close