Жаңалықтар
Депутат министрден МӘМС қорында жемқорлыққа жол ашқан бұйрықты неге жоймай отырғанын сұрады

Фото: ашық дереккөз
Депутат министрден МӘМС қорында жемқорлыққа жол ашқан бұйрықты неге жоймай отырғанын сұрады, деп жазды qandastar.kz
Бақытжан Базарбектің айтуынша, МӘМС қоры қаржылық есеп жүргізбейді. Бұл 2020 жылы 24 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекіген. (авт. Ол кезде министр Алексей Цой еді). Соның кесірінен жымқыру, сыбайлас, жемқорлық пен олқылықтардың бәрі орын алып отыр. Жоғары аудит палатасы осындай қорытынды жасаған.
«Сіздердің алдарыңызда МӘМС қорындағы жемқорлықтың көзіне айналған 2020 жылғы бұйрық. Бұл заңға қайшы, қаржы жымқыру мен жемқорлықты тудыратын құжат. Бұл бұйрықты сіз қабылдамағаныңызды білемін. Бірақ министр қызметіне келгеннен бері сіз осы бұйрықты өзгертуіңіз керек еді ғой. Оның үстіне сенатор болғанда осы бұйрықты жиі сынаған едіңіз. Айтыңызшы, бұйрықты қашан жоясыз?»,- деді Базарбек.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, Денсаулық сақтау министрі бұйрықтың күші жойылмайтынын, тек өзгеріс енгізілетінін айтты.
«Біз олқылықтарды жою үшін 1 шілдеге дейін өзгеріс енгіземіз. Тиісті органдарға материалдарды жолдаймыз», — деп сендірді.